«Тілді дамыту-ортақ парыз» атты дөңгелек үстел өтті.
20 ақпан күні орталық кітапхананың Білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен 21 ақпан Халықаралық ана тілі күніне орай «Тілді дамыту-ортақ парыз» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін құрметтеуге өзге тілдерді білуге, әр ұлт өкілдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу.
Іс-шара барысында кітапханашы Тіл- халықтың жаны, ұлттық болмысы мен өзіндік кескін-келбетін айқындайтын басты белгісі, тілі тұғырлы елдің тәуелсіздігі ғұмырлы, рухы асқақ, іргесі берік болары сөзсіз – екенін айтып өтті. Ұлы жазушылардың тіл туралы айтылған сөздері, мақал-мәтелдері мен жергілікті ақын, жазушыларымыз Б.Асқартегінің «Ана тіліңді ардақта!», Б.Исаеваның «Қадірле ұрпақ, қастерлеп ана тіліңді» өлеңдерін оқушылар нақышына келтіріп оқыды.

