«Тіл ұлттың жаны» атты дауыстап оқу өтті.
5 қыркүйек күні Кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күніне орай, «Тіл ұлттың жаны» атты дауыстап оқу өтті. 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданды. Заң бойынша мемлекеттік тіл — қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді.Осы уақытқа дейін 22 қыркүйек күні тойланатын мейрамның 2017 жылы датасы өзгерді. Бұдан былай мейрам 5 қыркүйек күні аталып өтіледі. Мейрамның жаңа датасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріп таңдалып алынған. 1873 жылдың 5 қыркүйегінде қазақ тіл білімімен және әдебиеттануымен айналысқан ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Ол қазақ тіл білімінің негіздерін, грамматиканың ғылыми терминологиясын жасаған.
Бұл мереке туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған. Осы арқылы халық өзіне керегін алып, білім қоржынын кеңейтеді.
Кеш барысында «Анамның тілі» әнін орындалып, тіл туралы өлеңдер оқылды.


