“Тіл – ұлттың жаны” атты дауыстап оқу өтті.
4 қыркүйек күні Кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күніне орай, “Тіл – ұлттың жаны” атты дауыстап оқу өтті. 1989 жылы 22 қыркүйек күні тойланатын мейрамның 2017 жылы датасы өзгерді. Бұдан былай мейрам 5 қыркүйегінде қазақ тілі білімімен және әдебиеттанушы мен айналысқан ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Ол қазақ тіл білімінің негіздерін, грамматиканың ғылыми терминологиясын жасаған. Бұл мереке туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған. Осы арқылы халық өзіне керегін алып, білім қоржынын кеңейтеді. Кеш барысында “Анамның тілі” әні орындалып, тіл туралы өлеңдер оқылды.


