«Тіл -ұлт иммунитеті» танымдық сағат өтті.
7 қыркүйек күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Тіл -ұлт иммунитеті» танымдық сағат өтті. Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің ұлт өміріндегі маңызын түсіндіру, қазақ тілін құрметтеуге және оны дамытуға тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Іс шарада қазақ тілінің халықтың ұлттық болмысын, мәдениетін, салт-дәстүрін және тарихын сақтаудағы маңызы туралы айтылды. Ана тілін құрметтеу әр азаматтың парызы екені түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, қазақ тілін күнделікті өмірде қолданудың маңыздылығын атап өтті.



