«Тіл – ұлт иммунитеті» атты танымдық викторина өткізілді.
4 қыркүйек күні Оразалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл – ұлт иммунитеті» атты танымдық викторина өткізілді.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға қазақ тілі, ана тілі және тілдің ұлттық құндылықтардағы маңызына қатысты түрлі сұрақтар қойып, оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.




