«Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты тич-ин өтті.

4 қыркүйек күні Көктөбе ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты тич-ин өтті. Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарға ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екендігі. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет екендігі туралы баяндама оқыды. Ұлттық тіл жайында мақал-мәтелдер, сөз жұмбақ шешіліп, сұрақтар қойылды. Шара сонында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты кітап көрмесімен таныстырды.