«Тіл татулық тірегі» драйв-кітап ұйымдастырып өткізді.

4 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері ҚР халқы тілдері күніне орай «Тіл татулық тірегі» драйв-кітап ұйымдастырып өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар тіл туралы жазылған көркем шығармалармен, қанатты сөздермен және ақын-жазушылардың тілге қатысты ой-пікірлерімен танысып, өздері оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, тілдің адам өміріндегі және ұлт болмысындағы маңызы жөнінде пікір алмасты.