«Тіл – татулық тірегі» тақырыбында мәнерлеп оқу өткізді.

5 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері С.Сейфуллин мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында мәнерлеп оқу өткізді. Аталған шарада кітапханашы оқушыларға тілдер туралы ақпарат беріп, Айтпай Әділжан «Туған тілім – ана тілім», Жұмахан Алинур «Родной язык», Кенжехан Медина «Ана тілі» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.