«Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді.

4 қыркүйек күні Ақсу  ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж. Баласағұни атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушыларымен 5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күніне орай «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашы оқушыларды Тіл мерекесімен құттықтап, ана тіліне, өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, әр ұлттың тілдері мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту мақсатында құрылғанын атап өтті.Тұрақты оқырманымыз Е.Асқар, Қ.Александр тіл мерекесіне арналған өлең шумақтарын мәнерлеп оқып берді.