«Тіл – сарқылмас құндылық» атты дөңгелек үстел 5 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
5 қыркүйек күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек -Қазақстан халқының тілдері күніне «Тіл – сарқылмас құндылық» атты дөңгелек үстел 5 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Шара барысында кітапханашы оқушыларға тіл туралы мағлұмат беріп, оқушылар Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері мен өлеңдерін жатқа айтты. Көрмеге Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары,тіл туралы толғамдары мен нақыл сөздері қойылды.




