«Тіл – халық қазынасы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
4 қыркүйек күні 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Шу аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен кітапханада «Тіл – халық қазынасы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараның басты мақсаты:оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінің қадір-қасиетін дәріптеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Кештің шымылдығы әсем бимен ашылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күй орындалды. Оқырмандардың тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқуы кештің мазмұнын байытып, ана тілімізге деген құрметті арттыра түсті.
Сонымен қатар қатысушылардың білімін шыңдау мақсатында түрлі викториналық ойындар ұйымдастырылды. Кеш қонақтары қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.
Шараға Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Көпбаева Балжан Шәкірғалиқызы арнайы қатысып, жиналған қауымды Тілдер мерекесімен құттықтады.
Кеш барысында «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты кітап көрмесі таныстырылып, көрмеге қойылған әдебиеттер арқылы қазақ тілінің тарихы, байлығы мен ұлттық құндылық ретіндегі маңызы кеңінен насихатталды.









