«Тіл – ең қымбат қазына» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
18 ақпан күні Шоқпар ауылдық кітапханасында 21 ақпан – Халықаралық тілдер күніне орай «Тіл – ең қымбат қазына» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ана тілінің маңызын түсіндіру, мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар тіл туралы өз ойларын ортаға салып, мақал-мәтелдер айтып, сұрақ-жауапқа қатысты. Сонымен қатар кітап көрмесіне шолу жасалып, тілге байланысты әдебиеттер таныстырылды.



