“Тіл – ең қымбат қазына “ атты дөңгелек үстел өтті.
20 ақпан күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкері және мәдениет үйі қызметкерімен бірігіп 21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай “Тіл – ең қымбат қазына “ атты дөңгелек үстел өтті.Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу,өз тілдерін құрметтеуге және өзге тілдерді де білуге тәрбиелеу.Кітапханашы Ж.Касенова “Тілім менің” тақырыбында баяндама оқыды.Мәдениет ұйымдастырушысы І.Жанша “Ана тілім ардағым” атты слайдпен таныстырды. Оқушылар тіл туралы өлең шумақтарын айтып,өз ойларын ортаға салды.Мектеп кітапханашысы З.Апашева “Тіл – халықтың тірегі” атты баяндама оқыды.Шара соңында Ж.Касенова “Тіл – ең қымбат қазына” атты кітап көрмесімен таныстырды.

