«Тіл достықтың дәнекері» атты сыр сандық өткізілді.

5 қыркүйек күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл достықтың дәнекері» атты сыр сандық өткізілді. Іс-шарада кітапханашы тілдің ел бірлігін сақтаудағы маңызы туралы айтып тіл туралы мағлұматтармен бөлісті. Оқырмандар тіл мерекесіне байланысты қойылған сұрақтарға жауап беріп,сыр сандықтың сырын ашты.