«Тіл-достықтың алтын көпірі» атты библиошар ұйымдастырылды.
5 қыркүйек күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстанда 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты библиошар ұйымдастырылды.Іс шара барысында кітапханашы Қазақстанда 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні болып белгіленгенін, бұл күн қазақтың біртуар ғалымы, ағартушысы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай таңдалғанын айтып,түсіндірді.Оқырмандар шарда жасырынған сұрақтарға жауап берді. Шара соңында оқырмандар арасында сайыс ұйымдастырылып,I.II.III. орын алған оқырмандарға мадақтама берілді.





