«Тіл – алтын қазына» атты әдеби вернисаж өткізді.

5 қыркүйек күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету

бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек –

Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – алтын қазына» атты әдеби вернисаж өткізді. Аталмыш шараға Е.Бекмаханов атындағы мектеп – гимназиясының 11 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы тілдің халықтың рухани мұрасы, ұрпақтан – ұрпаққа берілетін асыл қазынасы болып табылатыныдығын баяндап, ана тілінің мәртебесін

көтерудің маңызына тоқталып өтті.

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып жатқан ауыз әдебиеттің қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, мақтан етуге насихаттау.