“Тіл әр ұлттың ең асыл қазынасы” тақырыбында мәнерлеп оқу өткізді.

3 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ы.Алтынсарин мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай “Тіл әр ұлттың ең асыл қазынасы” тақырыбында мәнерлеп оқу өткізді. Атаған шарада кітапханашы тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті, ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасуын, әрбір елдің ұлттық мақтанышы, атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра екенін айтып, оқушылар тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.