«Терроризм – қоғамға төнген қауіп» ақпараттық сағат өтті.
29 сәуір күні Көкқайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Терроризм – қоғамға төнген қауіп» ақпараттық сағат өтті.
Іс-шара барысында терроризмнің қауіптілігі, онымен күресу жолдары және сақтану шаралары туралы түсінік берілді. Сондай-ақ, оның пайда болу себептері мен зардаптары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Шара барысында оқушылар терроризм туралы өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.



