«Терроризм – адамзаттың қасіреті» тақырыбында шок сабақ өткізілді.

13 сәуір күні №2 Шу қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Терроризм – адамзаттың қасіреті» тақырыбында шок сабақ өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы «террор» сөзінің латын тілінен аударғанда «үрей», «қорқыныш» деген мағынаны білдіретіні түсіндірілді. Терроризмнің басты мақсаты – қоғам қауіпсіздігін бұзу, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру екендігі атап өтілді. Осыған байланысты терроризм көп объектілі қылмыс түріне жатқызылатыны айтылды.