«Терроризм-адамзатқа төнген қауіп» атты тич-ин өтті.

22 желтоқсан күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Терроризм-адамзатқа төнген қауіп» атты тич-ин өтті. Іс-шара барысында діннің адам өміріндегі рөлі, дін мен салт-дәстүр арасындағы өзара байланысы, экстремизм мен терроризм туралы түсініктер беріліп, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар алынып, оқырмандар арасында кеңінен талқыланды.