«Тербет елді,Тәуелсіздік ұраны!» тақырыбында тарихи сағат өткізілді.
11 желтоқсан күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Тербет елді,Тәуелсіздік ұраны!» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тарихи маңызды мәліметтер мен деректерге тоқталып, оқырмандарға кеңінен түсіндіріп өтті. Қатысушы оқырмандар өлең жолдарынан үзінділер оқып, сұрақтарға жауап берді.

