«Теңге — тарих айнасы»тақырыбында библио-шара өтті.

13 қараша күні Оразалы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушыларымен 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай «Теңге — тарих айнасы»тақырыбында библио-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты — тәуелсіз еліміздің басты нышандарының бірі – ұлттық валютамыз теңге жайлы тереңірек мағлұмат беру, оның шығу тарихын, маңызын және ерекшеліктерін таныстыру. Шара барысында оқушыларға бейнеслайд арқылы көрнекі материалдар көрсетіліп, ұлттық теңгенің қалыптасу кезеңдері мен негізгі белгілеріне шолу жасалды.

Кітапхана қызметкерлері теңгенің ел тәуелсіздігін айқындайтын символдардың бірі екенін айта отырып, жас ұрпақты отандық валютаға деген құрмет пен жауапкершілікке тәрбиелеуді көздеді.