«Теңге-тарих айнасы» тақырыбында сторитиллинг өткізілді.
12 қараша күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Ұлттық валютамыздың қолданысқа енгеніне орай «Теңге-тарих айнасы» тақырыбында сторитиллинг өткізілді. Кітапханашы қатысушы оқырмандарға ұлттық бейнемізді көрсететін нышандарымыздың бірі-ұлттық теңгемізді қастерлеу, теңгемізге деген мақтаныш сезімдерін ояту мақсатында теңгенің шығу тарихы туралы әңгімелеп берді. Іс шараға қатысушы зейнет М. Тайжанова апайымыз оқырмандарға сұрақтар қою арқылы Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек танысуына көмектесіп туған жеріне, отанына деген сүйістеншілігін арттыруға, ұлттық құндылығымызды жоғалтпауға шақырды. Өз кезегінде қатысушы оқырмандар Ұлттық теңге туралы білетіндіктерін ортаға салды. Кеш соңында «Қаржылық сауаттылық-заман талабы» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты.


