«Теңге-тәуелсіздігіміздің бір символы» тақырыбында дәріс өтті.
13 қараша күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай «Теңге-тәуелсіздігіміздің бір символы» тақырыбында дәріс өтті. Шара барысында оқушыларға теңге тарихына шолу жасап, теңге айналымы туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар жаңа айналымға шыққан теңгелер таныстырылды.


