«Теңге – мемлекет келбеті» атты ақпараттық сағат өткізді.
13 қараша күні №3 Шу қалалық кітапханасының қызметкерлері №40 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Теңге – мемлекет келбеті» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ұлттық валютамыз “теңгенің тарихын”, оның “ел тәуелсіздігі мен экономикалық тұрақтылықтың нышаны” ретіндегі маңызын кеңінен таныстыру болды. Кездесу барысында оқушылар “15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні” екені жайлы мағлұмат алып, теңгенің айналымға ену тарихымен, даму жолдарымен танысты.
Шара тартымды форматта өтіп, оқушылардың қаржы сауаттылығын арттыруға, отандық валютаға деген құрметін қалыптастыруға бағытталды.


