«Техника туралы қызық дерек» атты танымдық сағат өткізілді.

24 маусым күні Оразалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Техника туралы қызық дерек» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды телефон, компьютер және басқа да заманауи техникалардың шығу тарихымен таныстырып, олардың даму кезеңдері туралы қызықты мәліметтер ұсынды. Сонымен қатар, техника саласындағы жаңалықтар мен өнертабыстар жайында әңгімеленіп, технологиялардың адам өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Шараның мақсаты: қатысушылардың техникалық сауаттылығын арттырып, ғылым мен технологияға деген қызығушылығын ояту.