«Татулық – достықтың киелі бесігі» атты іс-шара өткізілді.

30 сәуір күні №2 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Ынтымақ күніне орай «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты іс-шара өткізілді.Шара барысында кітапханашы татулық пен достықтың қоғамдағы маңызына тоқталып: «Татулық – елдің тірегі, достық – жүректің керегі. Бірлігі жарасқан халық қана биік белестерді бағындырып, жарқын болашаққа сеніммен қадам басады. Ынтымағы бар жерде – ырыс бар», – деп атап өтті.

Іс-шараның мақсаты:оқушыларды татулыққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу, сондай-ақ ұлттар арасындағы ынтымақтастықты насихаттау.