«Тарлан тұлға тағдыры» атты тарихи-танымдық кеш өткізілді.

22 қазан күні Белбасар ауылдық кітапханасында Қазақтың көрнекті жазушысы Сайын Мұратбековтің «Тарлан тұлға тағдыры» атты тарихи-танымдық кеш өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жазушының өмір жолын, әдеби мұрасын таныстыру, қазақ әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріліп, оның көркем шығармалары таныстырылды. Жазушының «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» сияқты танымал туындыларының мазмұнына тоқталып, шығармаларындағы адамгершілік, туған жерге деген сүйіспеншілік құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті.