«Тарлан тұлға тағдыры» әдеби кеш ұйымдастырып өткізді.
15 қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қазақ прозасына өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер С.Мұратбековтың 90 жылдық мерейтойына орай «Тарлан тұлға тағдыры» әдеби кеш ұйымдастырып өткізді.
Әдеби кеш барысында оқушылар жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысты. Қаламгердің «Жусан иісі», «Басында Үшқараның», «Қылау» сияқты танымал шығармалары туралы мәліметтер беріліп, олардың тәрбиелік мәні мен көркемдік ерекшеліктері сөз болып, жазушының шығармаларынан қысқаша мазмұнын айтылды.



