«Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» атты Базарбай Асқартегідің 75 жылдығына арналған танымдық сағат өткізілді.

26 қаңтар күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен

«Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» атты Базарбай Асқартегідің 75 жылдығына арналған танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында Базарбай Асқартегідің өмірбаяны кеңінен баяндалып, шығармашылық жолына шолу жасалды. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, мазмұнына талдау жасады. Ақын шығармаларындағы елге, жерге деген сүйіспеншілік, адамгершілік пен отансүйгіштік тақырыптары ерекше атап өтілді.