“Тарихы терең – қазақ елі” ақпарат күні өткізді.
11 қараша күні Абай ауылдық кітапханасында Қазақ хандығына – 560 жылдығына орай “Тарихы терең – қазақ елі” ақпарат күні өткізді. Іс-шара барысында Қазақ хандығының құрылу кезеңдері, Керей мен Жәнібек хандардың елді біріктірудегі рөлі туралы мәліметтер берілді.
Қатысушылар қазақ халқының мемлекеттілік тарихына шолу жасап, хандар мен батырлардың ерлігі жайлы баяндады.

