“Тарихы терең , өмірі өлең алтын ұя ауылым” тақырыбында тарихи сағат болып өтті.
8 шілде күні Алға ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ақбөпе балабақшасының қызметкерлерінің қатысуымен “Тарихы терең , өмірі өлең алтын ұя ауылым” тақырыбында тарихи сағат болып өтті. Шара барысында кітапханашы Шу өлкенің тарихына, қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі -Әз Төле би туралы мағұлмат беріп, тарихқс шолу жасады.


