«Тарихты ұмытпау – ұрпақ парызы» дөңгелек үстел өткізілді.
29 мамыр күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихты ұмытпау – ұрпақ парызы» дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар саяси қуғын-сүргін кезеңіндегі қазақ зиялыларының тағдыры, ашаршылық зардаптары мен тоталитарлық жүйенің халыққа әкелген қасіреті туралы ой бөлісіп, пікір алмасты. Сонымен қатар тарихи деректерге тоқталып, ұлт тарихындағы нәубет жылдардың зардаптары кеңінен талқыланды.

