«Тарихтан туған рәміздер» атты дөңгелек үстел өткізілді.
4 маусым күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Тарихтан туған рәміздер» атты дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен маңызы туралы мәлімет беріп, олардың халқымыздың мұқалмас рухын, ерлігі мен даналығын, тәуелсіздікке деген асқақ арман-мақсатын бейнелейтін қасиетті құндылықтар екенін түсіндірді. Қатысушылар рәміздердің ел бірлігі мен ұлттық мақтаныштың символы екендігі жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Шара танымдық әрі тағылымды түрде өтті.



