«Тарихтан тағлым,өткенге тағзым» атты тарихи сағаты өтті.

30 мамыр күні 31 мамыр – Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Сауытбек ауылдық кітапханасында «Тарихтан тағлым,өткенге тағзым» атты тарихи сағаты өтті. Іс-шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысып, кітапханашы саяси қуғынға ұшыраған Алаш азаматтары және саяси-қуғын сүргіннің зардаптары туралы ақпарат берді. Кітапхана қорындағы жерлесіміз, белгілі ғалым, Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі Тұңғышбек Байқұловтың «Әулие -Ата өңіріндегі ашаршылық» және Міржақып Дулатұлының “Алаштың сөнбес жұлдыздары” атты кітабымен таныстырды. Оқырмандар саяси қуын-сүргін құрбандары мен ашаршылық жайлы өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.