“Тарихтан тағлым, өткенге тағзым” тақырыбында тарихи сағат өтті.

16 мамыр күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай “Тарихтан тағлым, өткенге тағзым” тақырыбында тарихи сағат өтті. Мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.