“Тарихтағы тағдырлы тұлға” танымдық сағаты өтті.
24 шілде күні аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтың 80 жылдығына арналған “Тарихтағы тағдырлы тұлға” танымдық сағаты өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы Т.Әубәкіровтың қажырлы еңбегі, Отан үшін жасаған ерлігі және ғарышқа жасаған тарихи сапары туралы кеңінен мәлімет берді.
Шараның мақсаты — жастардың бойында отансүйгіштік пен елжандылық сезімін оятып, ұлттық мақтанышымызға айналған тұлғаның өнегелі өмір жолын насихаттау.



