«Тарих – ұлттың тағдыры» атты танымдық шара өткізілді.
18 маусым күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлы мекен» жобасы аясында «Тарих – ұлттың тағдыры» атты танымдық шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға туған өлкенің тарихи орындары, олардың еліміздің мәдени-рухани мұрасындағы маңызы туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, туған өлкенің өткені мен бүгіні сөз болып, тарихи таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған қызықты ақпараттар ұсынылды.




