«Тарих төріндегі ұлы тұлға» атты тұлғатану сағаты өтті.

19 қаңтар күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Абылай ханның 315 жылдығына орай «Тарих төріндегі ұлы тұлға» атты тұлғатану сағаты өтті.

Іс-шара барысында Абылай хан – жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте елді біріктіріп, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтаудағы тарихи рөлі айтылды.

Сондай-ақ оның Ресей және Қытай елдерімен жүргізген көреген саясаты арқылы Қазақ хандығын қорғаған ұлы мемлекет қайраткері екені кеңінен таныстырылды.