«Тарих төріндегі Бәйдібек би» атты танымдық сағат өтті.
5 ақпан күні Сауытбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Бәйдібек би Қарашаұлының туғанына 670 жыл толуына орай «Тарих төріндегі Бәйдібек би» атты танымдық сағат өтті.
Шара барысында оқырмандарға ел тарихында өшпес із қалдырған, ұрпағы 3 миллионнан асатын ұлы тұлға Бәйдібек бидің өмірі мен өнегелі жолы таныстырылды.


