«Тарих қойнауына саяхат» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді.

28 мамыр күні №2 қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарих қойнауына саяхат» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы тарихтың қаралы беттеріне тоқталып, ұлт тағдыры үшін күрескен зиялы қауым өкілдерінің еңбегі мен ерлігін өскелең ұрпаққа дәріптеу – құрбандар рухына көрсетілген үлкен тағзым екенін атап өтті. Сондай-ақ қазақ халқының бастан өткерген қасіретті кезеңдері, қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдарының ауыр зардаптары жайында кеңінен айтылды.