«Тарих пен тағдыр тоғысындағы қаламгер» тұлға таным кеші ұйымдастырылды.

20 ақпан күні Абай ауылдық кітапханасында әдебиетінің көрнекті өкілі, қарымды қаламгер Бексұлтан Нұржекеевтің 85 жасқа толуына орай «Тарих пен тағдыр тоғысындағы қаламгер» тұлға таным кеші ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның тарихи тақырыптағы туындылары арқылы ұлттық рух пен елдік сананы дәріптеу, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Кеш барысында қаламгердің өмірбаяны таныстырылып, шығармаларына шолу жасалды. Оқырмандар жазушы туындыларынан үзінділер оқып, тарихи тақырыпты көркем бейнелеудегі шеберлігі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушы еңбектері оқырман назарына ұсынылды.