«Тарих – ғасырлар куәсі» атты тақырыптық кеш өтті.
28 сәуір күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Тарих – ғасырлар куәсі» атты тақырыптық кеш өтті. Шара барысында кітапханашы оқушыларға қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін баяндады. Мақсаты: Оқырмандарды 560 жылдық мерейтой аясында Қазақ хандығының тарихы мен маңыздылығымен таныстыру, ұлттық мұра үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу және жергілікті тұрғындар арасында, әсіресе жастар арасында патриотизмді нығайту.


