«Талғат Мұсабаев – Ғарышқа ұшқан қазақ» атты танымдық викторина өткізілді.
28 қаңтар күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында Талғат Мұсабаев 75 жасына орай «Талғат Мұсабаев – Ғарышқа ұшқан қазақ» атты танымдық викторина өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушыларды Талғат Мұсабаевтың өмір жолымен таныстырып, ғарышқа деген қызығушылықтарын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушылар викторина сұрақтарына жауап беріп, ғарыш және Байқоңыр туралы білімдерін толықтырды. Кітап қорындағы кітаптарымен танысты.



