«Талғат Мұсабаев – ғарышқа алғаш қадам» атты өмірбаяндық шолу іс-шарасы өткізілді.

13 қаңтар күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Талғат Мұсабаев – ғарышқа алғаш қадам» атты өмірбаяндық шолу іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында ғарышкердің ерлігі мен табандылығы Қазақстанның ғарыш тарихындағы маңызды кезең болып табылатыны, оның жетістіктері кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылды.

Іс-шара қатысушыларға үлкен әсер қалдырып, рухани танымдарын кеңейтті.