«Тағдыр романы және тарих» кітап таныстырылымы өтті.
27 ақпан күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша «Тағдыр романы және тарих» кітап таныстырылымы өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы жан-жақты мәлімет беріп, туындының тарихи маңызына тоқталды.
Сонымен қатар қаламгердің «Дарабоз», «Саржайлау», «Аққуды атпас болар», «Бір ғана ғұмыр» шығармалары таныстырылып, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы айтылды. Кітап таныстырылымы оқушыларға мол рухани әсер беріп, тарихи тақырыптағы шығармаларға деген қызығушылықтарын арттырды.




