«Тағдыр» кітабы – қазақ тарихындағы өмір белестері» тақырыбында тарих сағаты өткізілді.

21 қыркүйек күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында Саттар Естемесов атындағы мектептің жоғары сынып оқушыларымен «Тағдыр» кітабы – қазақ тарихындағы өмір белестері» тақырыбында тарих сағаты өткізілді.

Шара барысында оқушылар жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, қазақ халқының тарихи тағдырын арқау еткен «Тағдыр» романының мазмұнымен танысты. Сонымен қатар қаламгердің «Дарабоз» шығармасына библиографиялық шолу жасалып, кітаптары таныстырылды.

Кездесу барысында оқушыларға Қабдеш Жұмаділовтің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен тарихи тақырыптағы шығармаларының маңызы түсіндірілді. Жас оқырмандарды жазушының шығармаларын оқуға, ұлттық тарих пен әдеби мұраны тереңірек тануға шақырылды.

Возможно, это изображение учеба