«Тәуелсіздік – тұғырым, елдігім – ғұмырым» атты рухани-танымдық кеші өтті.
15 желтоқсан күні Ақсу ауылдық кітапханасының қызметкері мен мектеп кітапханашысының бірлесіп ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым, елдігім – ғұмырым» атты рухани-танымдық кеші өтті. Кеш барысында кітапханашы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, Қазақстанның азаттық жолындағы күресі, ел тарихындағы тағдырлы кезеңдер, тәуелсіздік үшін жанын қиған ұлт қайраткерлерінің ерлігі мен еңбегі кеңінен насихатталды. Шараға қатысқан кітапхананың тұрақты оқырмандары Тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерін оқып, патриоттық рухты көтеретін «Көк тудың желбірегені» әнін орындады





