“Тәуелсіздік – тәңір берген тәтті сый!” атты дөңгелек үстел өткізілді
10 желтоқсан күні Шоқпар ауылдық кітапхана мен мәдениет үйі қызметкерлері бірлесіп Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік – тәңір берген тәтті сый!” атты дөңгелек үстел өткізілді.Іс – шараның мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздіктің тарихи маңыздылығын ұғындыру,елге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты қалыптастыру, пікір алмасу арқылы ой – өрісін кеңейту.Шара барысында Тәуелсіздік құрбандарын бір минут еске алып, әнұран орындалды. Мәдениет ұйымдастырушы Әшірбек Айгерім “Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры” атты баяндама оқыды.Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихына шолу жасап, пікірлерін ортаға салды.Берілген сұрақтарға жауап беру оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Дөңгелек үстел рухани патриоттық бағытта өрбіп, оқушылардың елге,жерге деген құрметін арттыруға ықпал етті.Шара соңында кітапханашы слайдпен таныстырып , Тәуелсіздік құрбандарына арналған кітаптарға шолу жасайды.



