”Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы” атты әдеби пастулат
10 желтоқсан күні ”Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы” атты әдеби пастулат
№1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Төле би атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ”Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы”* атты әдеби пастулат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің мән-маңызын түсіндіру, елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық рухты нығайту.
Кітапханашы Тәуелсіздіктің қазақ елі үшін ең басты құндылық екенін айта отырып, еліміздің бұл күнге бейбіт жолмен, қантөгіссіз жеткенін, тәуелсіз ел ретінде өркениетті мемлекеттер қатарынан орын алғанын атап өтті. Сондай-ақ бүгінгі жастар – Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақ екені айтылды.
Іс-шара барысында тақырыпқа сай кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқушылардың патриоттық сезімдерін оятатын мазмұнды пікірлер айтылды.



